Қайшылықтардың алдын алу, тараптар арасында туындаған дауларды тікелей келіссөздер арқылы реттеу әрқашан мүмкін бола бермейтіндіктен, мәмілелердің құқықтық қамтамасыз етілуі үшін мемлекеттік соттық жүйеге жүгінбеусіз, пайда болуы мүмкін қайшылықтардың объективті және білікті шешілуіне кепілдік беретін жағдайларды құру үлкен маңыздылыққа ие болып жатыр.
Төрелік соттар мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың және кәсіпкер-азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оларға таңдау мүмкіндігін беру және басқа міндеттерді орындау, мысалы, мемлекеттік соттардың жұмысын оңайлату, оларды көп істер көлемінен босату сияқты дәл осы мақсаттарға қызмет ету үшін бейімделген.
Біздің ойымызша, төрелік соттарда даусыз артықшылардың кейбір мөлшері бар, мысалы төрелік соттардың шешімдері Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Конвенциясының саны жүз елуге жуық мүше-мемлекеттерінде танылады және орындалуға жатады. Даудың тараптары шешім қабылдайтын төреші кандидатурасын келісіп шеше алады. Бұл оларға төрешінің беделі мен басқа да сипаттарын оның шешімі күшіне еңбеген уақытқа дейін бағалауға мүмкіндік береді, ал сот талқылауларында мұндай мүмкіндік, әдетте, болмайды. Іс бір инстанцияда қаралады, оған қоса тараптар талқылаудың орнын дербес таңдай алады. Әрине, құпиялылық мәселесі маңызды, өйткені коммерциялық ақпаратқа қатысты істерде даудың мәні, төрелікті өткізу және шешім құпия болуы керек, осыған байланысты төрелік шешіммен тек қана даудың тарапы таныса алады. Төреліктің қолдануға болатын басқа да көптеген артықшылықтары бар, әсіресе, тараптар процедуралық және басқа да сұрақтар бойынша келісімге келген жағдайда. Процесс икемді және нақты жағдайларға бейімделгіш болып келеді. Осының барлығы құқық субъектілері үшін баламаның мүмкіндігі мен неғұрлым еркіндікті қамтамасыз етеді.