Палата төрағасы

Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы

1941 жылғы 30 қыркүйекте ҚазКСР, Алматы қаласында дүниеге келді. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік аяқтады. 1963-1966 жылдары – КСРО ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты болды (Мәскеу қ.). 1966-1969 жылдары – кіші, аға ғылыми қызметкер, 1969-1985 жылдары – аға ғылыми қызметкер, 1985-1991 жылдары – ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының «Халық шаруашылығының құқықтық мәселелері» бөлімінің меңгерушісі болды. 1991-1992 жылдары, 1994-1995 жылдары – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының директоры қызметін атқарды. 1992-1994 жылдары – ҚР Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы. 1995 жылдан бастап – ҚазГЗУ жеке құқық Ғылыми-зерттеу институтының директоры болды.
М.К.Сүлейменов экономикалық қатынастар жөніндегі бірқатар халықаралық шарттарды дайындауға және жасауға қатысты, атап айтқанда Брюссельдегі Энергетикалық хартияға Шарт бойынша келіссөздерде қазақстандық топты басқарды (1993 жыл мен 2004 жыл аралығында), ҚР Үкіметінің жанындағы мұнай келісімшарттары жөніндегі заң кеңесшісі қызметін атқарды. Халықаралық дауларда ҚР Үкіметінің, шетелдік және қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін танытты. Лондонда, Вашингтонда, Стокгольмде, Хьюстонда, Калгариде өткен сот және төрелік сот процестерінде бірнеше мәрте қазақстандық құқық жөніндегі сарапшы болды.
Жұмыс топтарына жетекшілік ете отырып, М.К.Сүлейменов жеке құқық саласындағы 80-нен астам заңды, сонымен қатар ҚР Конституциясы мен ҚР Азаматтық кодексін әзірлеуге қатысты. ТМД елдерінің модельдік азаматтық кодексін, ТМД елдеріне арналған акционерлік қоғамдар туралы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ипотека, банкроттық, бағалы қағаздар туралы және көптеген т.б. модельдік заңдарды әзірлеуге қатысты. Ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне түсіндірмелерді, азаматтық құқық жөніндегі оқулықтарды дайындайтын авторлық ұжымның жетекшісі болып табылады.
М.К.Сүлейменов - ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор, Каспий университетінің Жеке құқық ҒЗИ директоры, Қазақстандық Халықаралық Төрелік сот Төрағасы, Мұнай газ саласындағы заңгерлер қауымдастығы басқармасының мүшесі, Қазақстандық заңгерлер қауымдастығы басқармасының мүшесі, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Халықаралық кеңестің мүшесі, «Заңгер» заң фирмасының аға әріптесі, 10 заң журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.
Азаматтық, отбасылық, тұрғынүйлік, халықаралық жеке құқық, жеке іс жүргізу құқығы (даулардың балама жолмен шешу құқығы) жөніндегі, сонымен қатар меншік құқығына, заңды тұлғаларға, шарттарға, жер қойнауын пайдалануға, мұнай операцияларын жүргізуге, Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларға қатысты мәселелер бойынша 550-ден астам ғылыми және кеңінен тараған ғылыми басылымдардың, сонымен қатар 50-ден астам монографиялардың, оқулықтар мен оқу құралдарының, ҚР АК-не түсіндірмелердің авторы болып табылады. Ол «Қазақстан Республикасындағы жеке құқық: тарихы және қазіргі жағдайы» атты 9 томнан тұратын шығармалар жинағының (Алматы, 2011), сонымен қатар жеке құқық бойынша 5 томнан тұратын Таңдамалы еңбектердің (Алматы, 2016) авторы болды.
М.К.Сүлейменов 46 заң ғылым кандидатын және 8 заң ғылым докторын дайындап шығарды.

Басқарма мүшесі

Бралина Айгерим Жалеловна

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша (Қарағанды қ., Қазақстан); Джоржтаун Университетінде (Вашингтон қ., АҚШ) – дау-жанжал құқығы, менеджмент және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бойынша оқу курстарын; “Кэннинг” тіл мектебін (Лондон қ., Ұлыбритания) бітірді.

Жұмыс орындары: Қарағанды мемлекеттік политехникалық институт (Заң кеңесшісі / еңбек құқығы бойынша оқытушы); Қазақ КСР мелиорация және су шаруашылығы министрлігі (Аға Заңгер –Ведомстводан тыс төрелік төрайымы); Америка заңгерлер қауымдастығы (Заң кеңесшісі); «Бейкер және Макензи» халықаралық заңдық фирмасы (Аға заңгер); Мұнай-газ саласы заңгерлерінің Қазақстандық Қауымдастығы (Атқарушы директор); Еуразиялық делдалдық талқылау орталығының Халықаралық коммерциялық төрелік соты (Төрайым); Еуразиялық делдалдық талқылау орталығы (Вице-президент)

Отандық және шетелдік төрелік процестерде тараптың өкілі; халықаралық процестерге төреші ретінде қатысты. «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» және «Аралық соттар туралы» ҚР заңдарын қабылдау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заңнама бойынша комитеті жұмыс тобының мүшесі.

Коммерциялық төрелік сұрақтары бойынша халықаралық конференциялар мен семинарларда сөз сөйледі. 18 мақала авторы. Ұлыбритания Төрешілері Корольдік Институтының «Халықаралық келесімшарт және дауларды халықаралық коммерциялық төрелікте реттеу» 9-шы Біліктілік семинарының бірлескен ұйымдастырушысы; «East & West Төрелік Бюллетені» журналының редакторы.

Мұнай-газ саласы заңгерлерінің Қазақстандық Қауымдастығының (KPLA) Атқарушы Директоры; Халықаралық төрелік сұрақтары бойынша KPLA ішкі комитетінің Төрайымы; «Жер қойнауын пайдалану – Қазақстан Республикасы экономикасының негізі» тақырыбындағы он бес халықаралық конференцияның ұйымдастырушысы; «Жер қойнауын пайдалану және құқық» мамандандырылған журналы Бас редакторының орынбасары болып табылады.

Марапаттар: Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Алматы қаласы әкімінің грамотасы, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің медалі.

Еуразиялық делдалдық талқылау орталығының Халықаралық коммерциялық төрелік сотының төрайымы, Ұлыбритания Төрешілері Корольдік Институтының мүшесі, Қазақстан Төрелік Палатасы Басқармасының мүшесі. Мұнай-газ саласы заңгерлерінің Қазақстандық Қауымдастығының (KPLA) Атқарушы Директоры.

Басқарма мүшесі

Қалдыбаев Асқар Құралбайұлы

Казақ мемлекеттік заң университеті, 1999 ж.;
Бремен университеті (Неміс құқығы магистрі (LL.M.), Германия, 2000 ж.;
Казақ гуманитарлық-заң университеті (аспирантура), 2004 ж.;
Заң ғылымдар кандидаты;
Корольдік төрешілер институтының мүшесі (MCIArb).

2000 - 2005 жж. – Азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы, Казақ гуманитарлық-заң университеті;
2002 - 2005 жж. - Үйлестіруші, Техникалық ынтымақтастық бойынша Неміс қоғамы (GTZ), («Трансформациялық экономикасы бар мемлекеттердегі құқықтық реформа» Жобасы);
2006 - 2007 жж. - «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ЖШС-нің жетекші ғылыми қызметкері;
2006 - 2007 жж. - АО «Казтемiртранс» АҚ-ның Заң және кадрлық жұмыс департаментінің директоры;
2007 - 2009 жж. - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Құқықтық департаментінің бас менеджері;
2009 - 2010 жж. - «Құқықтық зерттеу мен анализ орталығы» ЖШС заң фирмасының бас директоры;
2010, 2012 – «Саланс» ЖШС-нің аға заңгері
2010 - 2012 жж. - «PSA» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
2014 - 2015 жж. - «Региональное» АҚ-ның құқықтық сұрақтар бойынша Басқарушы директоры;
2015 – 2016 жж. - Атамекен Төрелік орталығы Бас хатшысының орынбасары;
2016 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін - Атамекен Төрелік орталығының атқарушы директоры.

Басқарма мүшесі

Хан Николай Георгиевич

1996-98  Кәсіподақтардың Санкт-Петербург гуманитарлық университеті; 1998-2000 Абай атындағы Алматы мемлекеттің университеті, мамандығы  – Құқықтану. Біліктілігі – заңгер.

1998-2002 – «Ансат» жеке адвокаттық кеңсесі – адвокаттың көмекшісі; 2002-2005 – Алматы облыстық адвокаттар алқасы, «Ансат» ЖАК - адвокат тағылымгері; 2005-2010 Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, «Ансат» ЖАК - адвокат; 2010-2010 Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі «Mc.Green & partners адвокаттық кеңсесі» мекемесі - адвокат; 2010–2012 «Ақсай» Нан-тоқаш комбинаты» ЖШС - заң бөлімінің бастығы, 2012-2016 «РТС» компания тобының аға заң кеңесшісі, 2016 бастап қазіргі уақытқа дейін - «JUS GENTIUM» Халықаралық коммерциялық Төрелік ЖШС Төрағасы.

«Төрелік туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеуде жұмыс тобы құрамының мүшесі болып қатысты.

TOP