ҚТП Басқармасы аппаратының Басшысы
Дүйсенова Асель Ерікқызы, 1994 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын (қазіргі ҚазГЗУ) бітірді, халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет факультеті, үздік диплом, мамандығы- құқықтану, біліктілігі-заңгер. 1998 жылдан 2002 жылға дейін ҚазГЗУ жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында 12.00.03 –азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, отбасылық құқық, халықаралық жеке құқық, азаматтық процесс, төрелік іс жүргізу мамандығы бойынша білім алған. 2006 жылы ғылыми дәрежесін алу үшін заң ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғады. Жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор М.К. Сүлейменов. Диссертация тақырыбы «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша лизинг шарты».
Кәсіби тәжірибесі: 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Қазақстан Халықаралық Төрелігінің атқарушы директоры, Төрағасының орынбасары; 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Каспий университеті «Әділет» жоғарығы құқық мектебінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Каспий университеті Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері (2012 жылға дейін – ҚазГЗУ жеке құқық ғылыми-зерттеу институты); 2015-2016 жж. – Алматы менеджмент университетінің (AlmaU) Құқық мектебінің «Құқық» кафедрасының доценті; 2008 – 2012 жж. – «Заңгер» заң фирмасының штаттағы кеңесшісі; 2007 – 2008 жж. «Жеке құқық институты» ЖШС директоры; 2004 – 2005 жж. «Қазақстан халық банкі» АҚ Заң департаментінің Методология және филиалдармен жұмыс басқармасының жетекші заң кеңесшісі; 2001 – 2002 жж. – ҚазГЗУ мемлекеттік қызмет институтының оқытушысы; 2000 – 2002 жж. – ҚазГЗУ жеке құқық ғылыми-зерттеу институты магистратурасының меңгерушісі; 2000 – 2001 жж. Абылайхан атындағы ҚМХҚжәнеХТУ халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы.
Жалпы жұмыс өтілі (ғылыми, практикалық,педагогикалық) – 19 жыл.
Қазақстан Халықаралық Төреліктің (ҚХТ, Алматы), Вильнюс қаласындағы халықаралық және ұлттық коммерциялық төрелігінің (Литва) төрешісі. Төреші ретінде 10 істен астам төрелік және аралық талқылауларға қатысқан.
Азаматтық құқық пен жеке процессуалды құқық (ДБШ құқығы) бойынша 70-тен аса басылым авторы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы және Жеке бөлімдері) баптар бойынша Түсініктеменің, «Азаматтық құқық объектілері», «Азаматтық құқықтарды қорғау» ғылыми монографияларының, Жоғарғы оқу орындарына арналған «Азаматтық құқық» (академиялық курс) Оқулығының бірлескен авторы.
Қазақстан Республикасының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларына арналған Төрелікте іс қарау бойынша Интерактивтік курстың авторы және әзірлеушісі.