Қазақстанның Төрелік палатасы Жарғысының 3.1.-тармағына сәйкес Палатаға мүшелік тұрақты жұмыс істейтін төреліктер мен төрешілер үшін ашық болып табылады. Палатаға мүше болу үшін Басқарма Төрағасының атына өтініш беру қажет, онда Палата Жарғысының ережелерін сақтау міндеттемесі, сондай-ақ (тұрақты жұмыс істейтін төреліктер үшін) ресми сайт туралы мәлімет және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілуі тиіс. Өтініштен басқа көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет. Кандидаттың өтініші бойынша шешім 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Палата Басқармасымен мүшелікке кіру туралы оң шешім қабылданған кейін кандидат 30 күннен кешіктірмей кіріс жарнасын және мүшелік жарнаны төлеуі тиіс. Палатаға кіру туралы өтініш берген тұлға белгіленген жарналаларды төлегеннен кейін ғана оның мүшесі болып есептеледі.
Палатаға мүшелік туралы өтініш сонымен қатар электрондық түрде Палатаның электрондық мекенжайына өтініштің және қажетті құжаттар тізімінің электрондық көшірмелерімен бірге беріле алады.
Қазақстан Төрелік палатасы құрамына кіруге қажет құжаттар тізімі
- Анықтама немесе төрелік құрылған заңды тұлғаның тіркелуін растайтын өзге құжат (көшірме)
- Төрелік регламентінің көшірмесі
- Тізілім. Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жұмыс орны, лауазымы және жұмыс кезеңі көрсетілген жұмыс тәжірибесі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (болған жағдайда), қараған істерінің саны қамтылған төрелік басшысы мен төрешілер туралы мәлімет
- Құрылған кезінен бастап тұрақты жұмыс істейтін төрелікте қаралған істердің жалпы санын (олар болған жағдайда)
- Реквизиттер
- Кіріс жарнасы: 100.000,00 (жүз мың) теңге
-
Мүшелік жарна: 100.000,00 (жүз мың) теңге
- Жеке куәлік көшірмесі
- Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі
- Жұміс өтілінің болуын растайтын құжаттар
- Ағымдағы жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (болған жағдайда), қараған істер саны (болған жағдайда) көрсетілген қысқаша жазбаша мәлімет
- Кіріс жарнасы: 50.000,00 (елу мың) теңге
-
Мүшелік жарна: 50.000,00 (елу мың) теңге