Төрелік палатының өкілеттіктеріне:
- төрешілердің және тұрақты әрекет ететін төреліктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, шетелдік және халықаралық ұйымдарда мүдделерін білдіру және қорғау;
- Қазақстан Республикасындағы төрелік қызмет жағдайының және тұрақты жұмыс істейтін төреліктерде істер сақталуының мониторингі;
- төрешілерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру;
- тұрақты жұмыс істейтін төреліктер төрешілерінің, сондай-ақ Төрелік палатаның мүшелері болып табылатын төрешілердің тізілімін жүргізу;
- тұрақты жұмыс істейтін төреліктерде істерді сақтау қағидаларын бекіту;
- «Төрелік туралы» ҚР Заңы 14-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда Төрелік палатаның тізіліміндегі немесе тұрақты жұмыс істейтін төреліктің адамдары арасынан төрешілерді (төрешіні) тағайындау;
- нақты дауды шешу үшін тағайындалған төрешінің өкілеттіктерін тоқтатуға қатысты шешім қабылдау;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетін, Төрелік палатаның құрылтай құжаттарында көзделген өзге өкілеттіктер кіреді.