Қазақстанның Төрелік палатасы (одан әрі – «Палата» немесе «ҚТП») – тұрақты жұмыс істейтін төреліктердің және төрешілер ретінде қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ерікті бірлестігін білдіретін тәуелсіз, коммерциялық емес ұйым. Палата Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының 11-бабына және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілеріне сәйкес құрылды және еріктілік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу, жариялылық және Палата мүшелерінің тең құқықтығы негізінде әрекет етеді. Ол ұжымдық мүшелік арқылы Қазақстан Республикасындағы барлық тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді біріктіреді. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктер және төрешілер ретінде қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар Палатаға оның тұрақты мүшелері ретінде кіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын Төрешілер тізіліміне енуге құқылы.

ҚТП өз қызметін төрелік саласындағы халықаралық конвенцияларға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзге құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға, ҚТП Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте Палата заңнамаға және Жарғыға сәйкес оған жүктелген төрелік қызметін ұйымдастыру бойынша міндеттерді, бақылау өкілеттіктерін тиімді іске асыруға және төрелік қауымдастықтың мүдделерін мемлекеттік билік органдарында білдіруге мүмкіндік беретін толық қаржылық-шаруашылық дербестілігі және аппараты бар заңды тұлғаның барлық құқықтарына ие.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Төрелік палатасы Қазақстан Республикасының субъектілері болып табылатын 18 тұрақты жұмыс істейтін төрелікті біріктіреді.

TOP